Almaty
Kazakhstan
Almaty AIDS Memorial Quilt since 22 May 2015
without names
19 мамыр 2018 ж. Есік қаласында кеңкөлемді акция өтті
Еңбекшіқазақ ауданының орталығы Есік қаласындағы Жамбыл атындағы саябақта ЖИТС құрбандарын еске алуға арналған кеңкөлемді акция өткізілді. «Есімізде, білеміз жеңеміз!» және «Саламатты ел» ұранымен өткен шараға Есік медициналық колледжі мен педагогикалық колледж студенттері, қаладағы бес мектептің оқушылары қатысты.
Аудандық әкімшіліктің ішкі саясат бөлімі қызметкері Думан Мырзақожаның ұйымдастыруымен, аудандық аурухана дәрігерлерінің атсалысуымен алаңқай әсем безендіріліп, сахнаға жүргізушілер шықты. Алғашқы сөзді алған Есік медициналық колледжінің іс-тәжірибе меңгерушісі Әйгерім Сейсенбаева жастарға бүгінгі күннің мән-маңызы туралы айтып, сөзінің соңын өз  өлеңімен аяқтады:

Шайтандарға артық-ау ләззат алған бір кеші,
Қажеті жоқ шет жақтың үлдесі мен бүлдесі.
Енді ғана, халқым-ау, есті жия беріп ең,
Қайдан келді ғасырдың СПИД деген бәлесі.

Салауатты өмір салтын сақтайық,
Жаман жолға әсте аяқ баспайық.
Өз өмірің – өз қолыңда, әй, жастар,
Су ішпеген гүлдей болып солмайық.

Ауданда АИТВ жөнінде жауапты дәрігер Оразгүл Намазбекова, салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері Арухан Нысанбаева, Алматы облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары: Марал Мәтембаева мен Гүлмира Жақанова жастарды АИТВ жұқпасынан сақтану, алдын алу жолдарын ұстануға үндеді. Ортаға Алматы облысындағы ЖИТС құрбандарының есімі жазылған квилт әкелініп, бір минут үнсіздік жарияланды.  Салауатты өмір салтын насихаттап жүрген тренер-кеңесші Гүлмира Баймұратқызы викториналық сұрақтар арқылы жастарды еркін пікірталасқа шақырды. Бұдан соң колледж студенттері күшімен флеш-моб тамашаланды.

Ал «Елім-ай» қоғамдық қорының төрағасы Жаңаберген Мұхамедов ел денсаулығына қатысты пайдалы іс-шара үшін ризашылығы білдіріп, аудан әкімінің орынбасары А.Бидаевтың бір топ ақ халатты аззал жанды марапаттаған Алғыс хаттарын иелеріне табыс етті.
Шара соңы аудан өнерпаздарының концертіне ұласты.

May 19, 2018 A large-scale action took place in Issyk
In the Zhambyl Park in Issyk, the center of Enbekshikazakh district, a large-scale campaign was held to commemorate AIDS victims. Students of Esik Medical College and Pedagogical College and students from five schools of the city took part in the event under the slogan "Remember, we know, we win!" And "Salamatty el".
Duman Myrzakozha, a member of the district administration's internal policy department, was decorated with the participation of district doctors and decorated the stage. Aigerim Seisenbayeva, the head of the Esik Medical College, who received the first speech, told the youth about the present day and ended up with the following words:

One evening, when the devil had a great deal of pleasure,
No need to be a member of a foreign party.
Only now, my people,
The AIDS century has come from.

Let's maintain a healthy lifestyle,
Let us not go on a bad path.
Your life is in your own hands, young people,
Let's not be like a non-drinkable flower.

Orozgul Namazbekova, a doctor responsible for HIV / AIDS, Aurukhan Nysanbayeva, a specialist in the field of healthy lifestyles, Maral Matembayeva and Gulmira Zhakanova, the specialists of the Almaty Regional Center for AIDS Prevention and Control, urged young people to follow the ways of preventing HIV infection. The center was given a quilt with the name of victims of AIDS in the Almaty region, and a minute of silence was announced. Gulmira Baimuratovna, a trainer-adviser who promotes a healthy lifestyle, called for free discussions with young people through quiz questions. Then, college mob students flirted with a flash mob.

Mr. Zhanabergen Mukhamedov, chairman of the public fund "Elim-ai" expressed gratitude for the good health of the country and handed over letters of gratitude to the deputy akim A. Bidayayev for a group of white gowns.
The event was followed by a concert by district artists.
[translated with Google, corrected by the admin]
Photo (c) Almaty Obl AIDS

19 May 2018
Almaty Obl AIDS, Almaty